Қазақстан халқының бірлігі күні: ТЖМ жүйесіндегі ұлттардың күші

Қазақстан халқының бірлігі күні: ТЖМ жүйесіндегі ұлттардың күші

  Бүгін 1 мамырда Қазақстан Республикасында достықтың, өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың символын бейнелейтін мемлекеттік мереке – Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі.

  Қазақстан - 150-ден астам ұлт пен ұлыс тұратын көпұлтты ел.

  Қазақстан ТЖМ қатарында 34 ұлттың өкілі қызмет етеді, олардың ішінде орыстар, украиндар, белорустар, немістер, өзбектер, татарлар, ұйғырлар, кәрістер, әзербайжандар, түріктер, армяндар, қырғыздар, башқұрттар, болгарлар, гректер, дүнгендер, еврейлер, ингуштар, қытайлар, литвалықтар, мариялықтар, молдовандар, мордвиндер, осетиндер, поляктар, тәжіктер, түрікмендер, удмурдтар, сығандар, шешендер, чуваштар, лезгиндер, аварлар бар.

  Олардың әрқайсысы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға өз үлесін қосады. Олардың арасында бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін әртүрлі ұлттардың өкілдері болып табылатын ерлі-зайыптылар да бар. Біздің күшіміз-бірлікте, ортақ іс үшін ең қиын жағдайларда бірге жұмыс істей білу.

  Мереке қарсаңында ТЖМ барлық аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінде тақырыптық іс-шаралар өтті. Қызметкерлер Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесіп, «Біз біргеміз», «Халық бірлігі» бейнероликтерін көрсете отырып, «Қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық келісім» тақырыбында дәрістер тыңдады. Сонымен қатар Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық дәстүрлерін, костюмдері мен тағамдарын көрсете отырып, мәдени кездесулер ұйымдастырылды.

  ТЖМ көпұлтты құрамы - бірліктің, нағыз бауырластық пен кәсібиліктің жарқын үлгісі. Қазақстан халқына қызмет ету атты мақсат біріктіретін біздің командамызда әртүрлі мәдениет пен дәстүрді ұстанатын адамдардың барын мақтан тұтамыз.

  Бірлік күні бірігу мен бір-бірімізді құрметтеудің маңыздылығын еске салады. Бұл мереке біздің қоғамда бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайта берсін.