ТЖМ басшысы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

ТЖМ басшысы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

  Қазақстан халқының бірлігі күні - біздің мемлекетіміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізінде жатқан берік бірліктің, достық пен өзара сыйластықтың символы. Бұл мереке біздің тек бірлескен күш-жігермен ғана Отанымыздың қауіпсіздігін, дамуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ете алатынымызды еске салады.

  Төтенше жағдайлар министрлігінің қатарында әртүрлі ұлт өкілдері қызмет етеді. Бізді тек кәсіби борыш қана емес, Қазақстанға деген шынайы адалдық, оның мүдделерін қорғауға және әрбір азаматқа көмек көрсетуге дайын болу біріктіреді. Біз кез келген жағдайда үйлесімді және жауапкершілікпен әрекет ететін бір командамыз.

  Бірлік пен келісім - біздің қызметіміздің ғана емес, еліміздің тұрақты болашағының негізі. Осы құндылықтарды сақтай отырып, біз кез келген маусымдық төтенше жағдайларға ден қоя алатынымызға сенімдімін.

  Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік әрқашан ортақ болашаққа жету жолында бізбен бірге болсын!

 

 

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

генерал-майор

Шыңғыс Әрінов