Қазақстан ТЖМ: Ірі мегаполистің сейсмикалық дайындығы ерекше бақылауда

Қазақстан ТЖМ: Ірі мегаполистің сейсмикалық дайындығы ерекше бақылауда

  Мемлекет басшысының сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау аясында Алматы қаласында қалалық әкімшіліктің басшылығымен жоспарлы ауқымды сейсмикалық жаттығу өтті.

  Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуға жеке құрамнан 1000-ға жуық адам мен 150 бірлік техника жұмылдырылды, 3000-нан астам нысан мен қаланың 500 мың тұрғыны қатысты.

  "Шартты түрде" оңтүстік астана 8 баллдан астам жойқын жер сілкінісі болды. Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары дереу қалалық сиреналарды іске қосып, телерадиоарналар, CellBroadcast технологиясы бойынша "MassAlert" бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы хабарламаларды жедел таратуды жүзеге асырды.

   ТЖМ бөлімшелері, қалалық азаматтық қорғау қызметтері және Алматы гарнизонының әскери бөлімшелері дайындыққа келтірілді.

 Сейсмикалық жаттығулар жоспары бойынша мегаполистің күштері мен құралдары 20 оқу орнында әр түрлі құтқару операцияларын іс жүзінде пысықтады.

   Салынып жатқан тұрғын үй кешені базасындағы жер сілкінісінің салдарын жою іс- шараның кульминациясы болды, онда төтенше ведомствоның күштері ТК-дегі өртті сөндірді, зардап шеккендерді үйінділердің астынан алып шығарып, сондай-ақ өрт сөндіру автосаты мен альпинистік жабдықтар арқылы адамдарды жоғарғы қабаттардан құтқарды.

   Баспанасыз қалған тұрғындарға көмек көрсету аясында "Алатау" ТЖМ жедел мақсаттағы Оңтүстік базасында 5000 адамға арналған шатырлы лагерь және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы мен қалалық құтқару қызметінің модульдік далалық госпитальдары орналастырылды, олар дербес режимде 14 тәулікке дейін түрлі хирургиялық операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.

   Зардап шеккен халықты қабылдаудың 384 пунктінің әкімшілігі зардап шеккен халықты қабылдау, тіркеу және уақытша орналастыру сценарийін іс жүзінде пысықтады. Қалалық көлік қызметінің күштері «Алматы-2» ТЖ станциясының автомобиль және теміржол көліктерінде халықты эвакуациялау мәселелерін пысықтады. Әлеуметтік мекемелер назардан тыс қалмады, ТЖМ қызметкерлері мен Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері ерекше адамдарды қауіпсіз орындарға эвакуациялауға қатысты. Қаланың тіршілікті қамтамасыз ету және қауіпті өндірістік объектілеріндегі өндірістік авариялар жойылды.

  «Мұндай іс – шаралар тек формальды түрде өткізу емес, бұл өмірлік тәжірибе. Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан және біздің міндетіміз-әрбір тұрғынды нақты қауіп төнген жағдайда тез әрі дұрыс әрекет етуге үйрету", - деп Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Ануар Юсупов атап өтті.