Қазақстан ТЖМ: Мәдениет бірлігі – біздің қызметіміздің негізі

Қазақстан ТЖМ: Мәдениет бірлігі – біздің қызметіміздің негізі

  Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық аумақтық бөлімшелерінде ұлтаралық келісімді нығайтуға және мәдени әртүрлілікті көрсетуге бағытталған тақырыптық іс-шаралар өтті. Біздің қызметіміз бір мақсат - елдегі тыныштық пен тұрақтылық үшін әртүрлі ұлт өкілдерінің бір – біріне деген сеніммен және құрметпен жұмыс істей алатындығының мысалы.

  Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері этномәдени бірлестіктер орналасқан Көкшетау қаласындағы Достық үйіне барды. Құтқарушылар үшін экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында олар өңірдегі ірі этностардың салт-дәстүрлерімен танысты. Сондай-ақ «Қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық келісім» дәрісі тыңдалды.

  Атырау облысында «Халықтар достығы — біздің бірлігіміздің негізі» байқауы өтті. Іс-шараға «Новруз» әзірбайжан бірлестігінің төрағасы Э.Ахмедов пен азаматтық қорғау ардагері А. Жадырасинова және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Мереке түрлі этностардың ұлттық киімдері, дәстүрлері мен тағамдары ұсынылған халықтар шеруін ашты.

  Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар «Таза Қазақстан» акциясына қатысты: олар ұлттық киімдер киіп бірлікті және экологиялық қамқорлықты бейнелейтін Халықтар Достығы аллеясына ағаштар отырғызды. Сондай-ақ ҚХА ақсақалдар кеңесінің мүшесі Нәбиолда Кемешевтың қатысуымен этносаралық келісім тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

  Батыс Қазақстан облысында татар мәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтті, онда дәстүрлі әндер мен билер орындалды, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының құрылу тарихы баяндалды.

  Қызылорда облысында ТЖД қызметкерлері «Достық үйіне» барып, өңірде тұратын түрлі ұлттардың өмірімен, тұрмысымен және тарихымен танысты.

  Шымкент қаласының ТЖД қызмкетерлері үшін Әл-Фараби атындағы кітапханада «Қазақстан — бейбітшілік пен достықтың бесігі» ұранымен кездесу өтті. Белгілі ақын Құрал Көмекұлы іс-шараның модераторы болды, оған қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

  Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері ведомствоның көпұлтты құрамы халықты қорғау және ТЖ жою жөніндегі міндеттерді орындауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Әрбір құтқарушы ұлтына қарамастан маңызды миссияны орындайды.

  Қарағанды облысының ТЖД түрлі халықтардың атынан қатысатын тоғыз команда достық пен құрмет атмосферасын құра отырып, ұлттық костюмдер, әдет-ғұрыптар мен шығармашылық көріністер көрсетті.

  Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар еліміздің күші бірлік пен келісімде екенін тағы да дәлдей түсті. ТЖМ жүйесінде мәдени әртүрлілік этносаралық байланыстарды нығайтуға, толеранттылықты дамытуға және қоғамда тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.