«Batyr team» ведомстволық командасының спорттық іс-шаралардағы жетістіктері

«Batyr team» ведомстволық командасының спорттық іс-шаралардағы жетістіктері

  Қазақстан ТЖМ-де министр генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бастамасымен құрылған «Batyr team» спорт клубы жұмыс істейді. Бұл ТЖМ имиджін нығайту, қызметкерлерді кәсіби және спорттық қызметте ілгерілету, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарында спортты дамыту үшін маңызды қадам болды.

  2025 жылғы қаңтар – наурыз аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, яғни «Batyr team» ведомстволық командасының спортшылары түрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларға, оның ішінде халықаралық, республикалық чемпионаттарға, спартакиадаларға, турнирлер мен біріншіліктерге белсене қатысты. Жарысқа қатысу жеке және командалық сынақтар бойынша өтті. Іс-шаралар қорытындысы бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

  Спортшылар мини-футбол, MMA, күштік спорт түрлері, джиу-джитсу, арқан тарту, волейбол, қоян-қолтық бо, муайтай, панкратион, классикалық және жабдықталған пауэрлифтинг, гір спорты, каратэ, «жекпе-жек» ұлттық спорт түрі, шаңғы спорты, қазақ күресі, арқан тартыс және грепплинг, балалар арасында «ушу-саньда» бойынша жарыстарға қатысты.

  Жарысқа қатысу қорытындысы бойынша ТЖМ қызметкерлері 85-тен астам жүлделі орынға ие болды. Олардың ішінде - 33 бірінші, 27 екінші және 25 үшінші орын, бұл жеке құрамның лайықты дене шынықтыру дайындығы мен бөлімшелердегі тұрақты спорттық дәстүрлерді айғақтайды.

  ТЖМ «Batyr team» ересектер мен балалар спорт клубтарының желісін кеңейтеді және республиканың әрбір өңірінде осындай орталықтар құрады. Бастама қызметкерлердің дене дайындығын жақсартып қана қоймай, жастарды спортпен шұғылдануға тартуға мүмкіндік береді. Клуб құрамына халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлері, спорт шеберіне үміткерлер, спорттық разрядтары бар спортшылар кіреді. Бұл клубтар дене шынықтыру мен денсаулықтың маңызды орталықтарына айналды, мұнда әркім өзінің спорттық дағдыларын дамытып, жаттығуларға қатыса алады, сонымен қатар жастарды патриотизм мен батылдық рухында тәрбиелейді.

  Бұл көрсеткіштер жарыстарға үнемі қатысатын, жүлделі орындарға ие болатын және ұлттық және халықаралық аренада Қазақстан ТЖМ имиджін арттыруға ықпал ететін азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің даярлығы мен кәсібилігінің жоғары деңгейін көрсетеді.