ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Тепличное, Прибрежное, Ольшанка ауылдарына, сондай-ақ Петропавл қаласының Заречный кентіне барды, онда су тасқынына қарсы белсенді жұмыстар жалғасуда.
Министр ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау органдарының күштерімен, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен және еріктілермен бірлесіп қорғаныс құрылыстарын нығайту, су айдау және тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды тасқын сулардан қорғауды қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шаралармен танысты.Сондай-ақ қорғаныс біліктерінде нығайту жұмыстарына инспекция жүргізді, жедел топбасшыларының ағымдағы жағдай, Есіл өзеніндегі су деңгейінің мониторингі барысы және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі туралы баяндамаларын тыңдады.
Ол барлық жұмылдырылған қызметтердің үйлесімді өзара іс-қимылының маңыздылығын ерекше атап өтті және жеке құрамға жағдайдың өзгеруіне жеделден қоюды қамтамасыз ету, халықпен аумақты табиғи апатсалдарынан барынша тиімд қорға уміндетін қойды.
Су тасқынына қарсы штабтардың жұмысы тәулік бойы жалғасуда, ахуалға мониторинг тұрақты негізде жүзеге асырылады.