ТЖМ автопаркі 18 жаңа жол талғамайтын көлікпен толықты

ТЖМ автопаркі 18 жаңа жол талғамайтын көлікпен толықты

  Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің аумағында құтқару бөлімшелеріне «Toyota Hilux» маркалы 18 жаңа жол талғамайтын көліктің кілттері берілді. Салтанатты рәсімге ТЖД басшылығы, облыс әкімі және өрт сөндіру қызметінің ардагерлері қатысты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (@112kz_)

 

  Жаңа техника бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын едәуір нығайтады, төтенше жағдайларға, әсіресе шалғайдағы және жетуі қиын елді мекендерде ден қоюдың жеделдігін арттырады.

  Жаңа техника өңірдің өрт сөндіру бөлімдеріне таратылатын болады. Автомобильдердің жалпы санынан 3 бірлігі республикалық, 15-і жергілікті бюджет есебінен сатып алынды.

  «Министр генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімінің қолдауының арқасында біз кез келген төтенше жағдайларға тезірек және тиімдірек ден қоюға мүмкіндік беретін жаңа заманауи техниканы алып жатырмыз. Бұл көмек ең шалғай елді мекендерге жететіні ерекше маңызды. Жеке құрам атынан сенім мен қолдау үшін алғысымды білдіремін», - деп Маңғыстау облысы ТЖД бастығы атап өтті.