Қазгидрометтің болжамына сәйкес Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының белсенді көтерілуі байқалады. Бұл мұздың құрылымы мен тығыздығының өзгеруіне әкеліп соғады, бұл су объектілерін шығуға қауіпті етеді.
Еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде, соның ішінде Алматы, Шымкент, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында мұз толығымен еріп кетті.
Алайда солтүстік және орталық өңірлерде — елордада, сондай-ақ Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы су айдындарының мұз жамылғысы сақталады, бірақ оның беріктігі айтарлықтай әлсіреді. Мұздың қалыңдығы 20 см-ден асса да, көзге көрінбейтін жарықшақтар мен шұңқырлар болуы мүмкін, бұл үлкен қауіп төндіреді.
Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 12 588 рейд пен патрульдеу жүргізілді, 37 718 адам – ТЖМ, ІІМ, ЖАО және волонтерлер ұйымдарының өкілдері жұмылдырылды. Аталған іс-шаралар барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 79 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 50 адамның қаза болуына жол берілмеді (сынған мұз бөлігінде болған, мұз астына түсіп кеткен немесе мұз астына түскен автокөлікте болған).
Алайда жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, жыл басынан бері бірқатар жазатайым оқиғалар тіркелді. Атап айтқанда Қарағанды облысында Самарқанд су қоймасында бірден үш балықшының қайтыс болуы (мұз астына түсіп кетті), Қарағанды және Түркістан облыстарында екі балықшының қаза болуы (іздеу жұмыстары жүргізілуде), Батыс Қазақстан облысында мал іздеп мұзға шыққан екі адамның қайтыс болуы, Түркістан облысында бір отбасы мүшелерінің Газалкент каналына көпірден құлап қайтыс болуы.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады:
Бір адамға арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см. Алайда бұл көрсеткіш кезінде де мүмкін болатын жасырын жарықтарды ескеру қажет;
Қараңғыда, көріну нашар болған кезде, мұз қату және еру кезеңінде мұзға шығуға тыйым салынады;
Автокөлікпен мұзға шығуға тыйым салынады;
Мұздың қалыңдығы 10-нан 25 см-ге дейін және құтқару кеудешесі болған кезде ғана мұзда балық аулауға рұқсат етіледі.
Мұзда болған кезде:
- жұқа және әлсіз мұзға шығуға;
- қауіпті жерлерде топпен жиналуға;
- шұңқырларға, жарықтар мен ойықтарға жақындауға;
- арнайы бөлінген мұз өткелдерінен тыс көлік құралдарымен шығуға;
- мұзда от жағуға;
- екі ойықты 20 см ден аз қашықтықта және жұп ойықтарды бір бірінен 2 м жақын жасауға;
- мұзда жарақтар мен қоқысты қалдыруға қатаң тыйым салынады.
Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!