Құрметті құтқарушылар, ардагерлер мен олардың отбасылары!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Бұл табиғат пен рухтың қайта жандануын бейнелейтін жаңару мен үміт күні. Бұл күні сіздердің жүректеріңізге Отанға деген мақтаныш, ортақ болашағымызға деген сенім ұяласын.
Сіздердің еңбектеріңіз тек батылдық пен жанқиярлық қана емес, бұл нағыз патриотизм, өз халқына деген сүйіспеншіліктің және оны кез келген уақытта қорғауға дайын болудың көрінісі. Сіздер қауіпсіздік пен бейбітшіліктің қорғанында тұрасыздар және елді қорғауға баға жетпес үлес қосасыздар. Сіздер - ұлтымыздың мақтанышысыздар!
БұлНаурызжаңажетістіктерменжеңістердіңсимволынаайналсын,алкүштеріңіз,табандылықтарыңызбенадалдықтарыңызәрқашанеліміздіжаңа табыстарға жеткізіп, өркендеуінеәкелсін.
Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге және жақындарыңызға бақыт, денсаулық және табыс тілеймін! Біздің күшіміз бірлікте, алдымызда тек жарқын болашақ күтуде!
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
генерал-майор Шыңғыс Әрінов