Еліміздің әртүрлі өңірлерінде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу және инженерлік жұмыстар белсенді жүргізілуде. Су тасқынының алдын алу үшін мұз қабатын әлсіретуді, өзен жағалауларын нығайтуды, сондай-ақ қарды шығару мен суды соруды қоса алғанда, кешенді шаралар қабылдануда. Бұл іс-шараларға азаматтық қорғау қызметтері қатысады. Осы шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал су тасқынынан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған.
Өткен тәулікте 2025 жылғы 17 наурызда Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан ТЖМ азаматтардан жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде тыныштықты сақтауды сұрайды. Сондай-ақ құтқарушылар мұздың тез еруіне және жарылыс жұмыстарына байланысты мұзға шықпауға кеңес береді.
Қардың тез еруі Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Маңғыстау облыстарындағы 13 автомобиль жолдары арқылы еріген су жүруіне себеп болды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ, қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылды.
Ақмола облысында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында өзендердегі мұз кептелістерінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Есіл, Атбасар, Аршалы, Жарқайың, Шортанды және Бұланды аудандарының аумағы арқылы өтететін Есіл, Қызылсу, Қайрақты, Бақсық, Жолболды, Жабай, Жыланды, Талқар және Қалқұтан өзендерінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Қопа көлінде Қылшақты өзенінен судың кедергісіз өтуі үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Абай облысында облыс әкімі Б. Уәли ТЖД бастығы М. Шапағатовпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп облыстың оңтүстік және орталық бөлігіне аэровизуалды тексеру жүргізді. Бағалаумен Мақаншы, Үржар, Аягөз, Көкпекті және Жарма аудандары қамтылды. Тексеру барысында гидротехникалық құрылыстар, оның ішінде қорғаныш бөгендері және басқа да инфрақұрылымдық құрылыстар қаралды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың көктемгі кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығы бағаланды.
Болжамды деректерге сүйене отырып, ТЖД құтқарушылары мен ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін Үржар ауданы мен Мақаншы ауданына жіберу туралы шешім қабылданды, олар алдын алу жұмыстарын орындауға кірісті. Жұмыс барысында арықтар мен су өткізу құрылыстары тазартылды, бұл еріген судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге және су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Елді мекендерді қорғау жұмыстары жалғасуда.
Жетісу облысында облыстың әкімдігімен бірлесіп Кербұлақ, Көксу, Ескелді аудандарының және Текелі қаласының су тасқыны қаупі жоғары аймақтарында комиссиялық тексеру жүргізілді. Тексеру барысында гидротехникалық құрылыстардың, бөгендер мен су бұру арналарының жай-күйі тексерілді, өзен арналарының қар қоры мен су өткізу қабілеттілігі, сондай-ақ авариялық қызметтердің дайындығы бағаланды. Елді мекендерді қорғауды күшейту бойынша шешімдер қабылданды. Су тасқыны жағдайына мониторинг тәулік бойы жүргізіледі.
Қарағанды облысында су айдындарындағы мұз қабатын әлсірету жұмыстары жалғасуда. Алдын алу шаралары шеңберінде Бұқар Жырау, Нұра және Абай аудандарының су тасқыны қаупі бар өзендерінің бес учаскесінде мұз кептелістерінің алдын алу және тасқын судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді. Шет ауданының 4 елді мекенінде темір жол бойындағы арықтарды қардан тазарту, Талды, Нұраталды өзендері бойындағы бұталар мен ағаштарды кесу, Ақсу-Аюлы кентінің айналма жолының бойында қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізілді. Ақтоғай ауданында Қарасу ауылының маңында 52859 ТЖМ әскери бөлімінің күштерімен Қарасу өзенінің жағалау сызығын нығайту және жер білігін көтеру жұмыстары жүргізілді.
Қостанай облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар қызметкерлері қарқынды жұмыс жүргізуде. Облыстың бірқатар аудандарында арнайы мобильді топтар құрылды. Қазіргі уақытта төрт мобильді топ Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында, сондай-ақ Қарасу аудандарының ауылдарында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыруда. Олар су деңгейін бақылайды, қауіпті аумақтардың су тазарту арналарын тазартады, қар тазалау жұмыстарын жүргізеді, бөген құрастырады және инертті материалдармен толтырады, үйлердің аулаларында қарды тазартады, тұрғын үй секторын аралайды, арықтарды қардан тазартады. Терісаққан, Теректі, Желқуар, Торғай, Тобыл, Тімтуір, Тоқанай, Шұқырша, Сарыторғай және Қараторғай өзендерінде мұз кептелісінің алдын алу мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жүргізілуде. Іс-шаралар кешені су басу қаупін азайтуға және елді мекендерді қорғауға бағытталған. Өңірде су тасқынына қарсы ауқымды жұмыстар жалғасуда. Көктемгі өзен тасқынына дайындық аясында елді мекендерден шамамен 1,5 миллион текше метр қар шығарылды. Негізгі шараларға су бұру арналары мен нөсер ағындарын тазарту, бөгендер мен қорғаныш құрылыстарын нығайту, мұз кептелістерінің алдын алу үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу кіреді. Төтенше жағдайлар қызметі су басу қаупін азайту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Қызылжар ауданында ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күштерімен полипропилен шатырларын төсеу, сондай-ақ қапшықтарды дайындау және төсеу жұмыстары жүргізілді.
Ақтөбе облысында Ойыл ауданының Ойыл ауылындағы уақытша үйінді кірме көпір арқылы су тасқыны орын алды. Елді мекенге қауіп жоқ, Ойыл өзенінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады. Уақытша үйінді көпірде жол төсемінің үйіндісін нығайту және ұлғайту жүзеге асырылуда, жұмыстар жалғасуда. Ауылда азық-түлік және дәрі-дәрмек қоры бар, ТЖД топтамасы оқиға орнында. Адамдарды өткізу және тасымалдау ұйымдастырылды. Сондай-ақ облыста қарды шығару, су ағындарын тазарту, жағалауларды нығайту, бөгеттер құру және суды бұру бойынша алдын алу шаралары жүргізілді.
Шығыс Қазақстан облысында Алтай қаласында ТЖМ 68303 әскери бөлімінің күшімен арық жүйесін қардан және бір су өткізу құрылысынан тазарту жұмыстары жүргізілді.