Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

  Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнында.

  Кенiштегi ТЖ салдарын жоюға көмек көрсету үшін қосымша «Серіктес АҚҚ» ЖШС құтқарушылар тобы жіберілді.

  ТЖМ командалық орталығының, Ұлытау облысы ТЖД базасында және оқиға орнында жедел штабтар жұмыс істейді. Ақпарат алу үшін «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды: 8 (7172) 55-96-21.

  ТЖМ Командалық орталығында бейнеконференциялық байланыс арқылы авариялық-құтқару жұмыстары бойынша жедел штабтардың іс-қимылдары үйлестірілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков, Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев оқиға орнында.

  Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жеті қызметкердің денесі табылды. Денелер жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

  ҚР ТЖМ жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау келіп түсті.

  Барлығы 85 адам мен 17 бірлік техника, 2 кинологиялық есептоп, Ұлытау, Қарағанды облысы ТЖД, ТЖМ АМО, «Серіктес АҚҚ» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы», шұғыл әрекет ету бригадасы және полиция департаментінен тұратын күштер мен құралдар тартылды.