Жас ғалымдарды қолдау

Жас ғалымдарды қолдау

  Мемлекет басшысының тапсырмасымен ғалымдарға қолдау көрсету, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру аясында "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС ғылыми хатшысы Жансая Ерікқызы Тұрашеваға Алматы қаласында 2 бөлмелі пәтер алуға сертификат берілді.

  Жансая Ерікқызы "Инженерлік геология"мамандығы бойынша постдокторант. Ұлттық ғылыми орталықта 15 жылдан астам жұмыс істейді.

  Жұмыс барысында "Студент және ғылым: Болашаққа бағдар" республикалық ғылыми конференциясында бірінші орынға ие болып, диплом алды. Ол "Жас ғалымдардың ғылыми жетістіктері" көрмесі грантының иегері, "Тәуекелді бағалау" ұлттық тренингінің және "Сейсмология, сейсмикалық деректерді талдау, тәуекелді бағалау және тәуекелді азайту"курсы халықаралық тренингінің қатысушысы болып табылады.