ТЖМ-де төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

ТЖМ-де төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Төтенше жағдайлар министрлігінде Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарларының,сондай-ақ аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттері бастықтарының, ТЖМ басшыларымен лауазымды тұлғаларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс форматында өтті.

Отырыс барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындығы, тіреуіш гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі және оларды қауіпсіз пайдалану бойынша өткізілетін іс-шаралар, республиканың бүкіл аумағында мобильді құрылғылар  арқылы халықты шұғыл жаппай құлақтандыру жүйесін (MassAlert) енгізу мәселелері талқыланды.

Аталған мәселелер бойынша Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация, Төтенше жағдайлар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері сөз сөйледі. Сондай-ақ, еліміздің бірқатар өңірлері әкімдерінің орынбасары тыңдалды.

«Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірлердің су тасқынына дайындығы мәселелерін ерекше бақылауда ұстау қажет. Сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде тек жер сілкінісі кезінде ғана емес, сондай-ақ барлық ауқымды төтенше жағдайлар қаупі немесе туындауы кезінде де MassAlert жүйесінің толыққанды жұмыс істеуіне бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуді қамтамасыз ету», -  деп қорытындылады вице-министр Кеген Тұрсынбаев.

Отырыс қорытындысы бойынша вице-министр Кеген Тұрсынбаев мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға халықтың қауіпсіздігін арттыруға және мемлекеттік органдардың су тасқыны құбылыстарын болдырмауға және жоюға дайындығына бағытталған ұсынылған іс-шараларды іске асыру үшін шаралар қабылдауды тапсырды.