СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН: ТЖМ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА

СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН: ТЖМ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА

  Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматтарды маңызды сауалнамаға қатысуға шақырады. Мақсаты-ТЖМ жұртшылықпен өзара іс-қимыл деңгейін, сондай-ақ ведомство қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын бағалау.

  Сіздердің жауаптарыңыз бен ұсыныстарыңыз халықпен қарым-қатынасты жақсартуға, ТЖМ жұмысының тиімділігін арттыруға және қауіпсіздік шаралары туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге көмектеседі.

  Сауалнамадан бірнеше минут ішінде өтуге болады. Алынған барлық деректер тек министрліктің баспасөз қызметінің жұмысын талдау және одан әрі жақсарту үшін пайдаланылатын болады.

  Сауалнама 2025 жылғы 16-31 қаңтар аралығында ТЖМ ресми сайтында қолжетімді.

  Сауалнамаға қатысып, өз пікіріңізбен бөлісіңіз! Сіздің белсенділігіңіз біздің жұмысымызды одан да тиімді етуге көмектеседі.

  Сауалнама сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/survey/2012?lang=kk.