2025 жылғы 10 желтоқсанда сағат 12:00-де Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында (Б. Момышұлы, 2/11) «Қысқы кезеңнің өтуі туралы. Авариялық-құтқару жұмыстары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
Спикер болып Төтенше жағдайларды жою департаменті басқарма бастығының міндетін атқарушы Дидар Кажкенов, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы Талғат Жамбауов, Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы Елдос Зияда, сөз сөйлейді.
Аккредиттеу мәселелері бойынша
ТЖМ баспасөз қызметіне 8 777 115 38 84,
8 701 958 72 90 телефондарына хабарласыңыздар.