ТЖМ басшысы ведомствоның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы

ТЖМ басшысы ведомствоның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы

  Төтенше жағдайлар министрі ретінде мен үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек міндет емес, бұл жеке жауапкершілік. Біз ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Олардың сеніміне ие болып, елдің әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін күн сайын адал және ашық әрекет етуіміз керек. Азаматтық қорғау органдары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресу – біздің басты мақсатымыз, оған қол жеткізу үшін біз барлық қажетті шараларды қолданамыз.

  2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді. Осы маңызды құжат аясында  ТЖМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын, сондай-ақ бүкіл жүйенің жұмысындағы өзгерістер үшін негіз болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволық бағдарламаны әзірледі және енгізді. Әр сыбайлас жемқорлық әрекетінің жауапсыз қалмайтынын  әрбір қызметкердің білуі біз үшін маңызды.

  Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті енгіздік, мүдделер қақтығысын болдырмауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған ішкі саясатты әзірледік. Терең талдау жүргізіп, нәтижесінде біз сыбайлас жемқорлық көріністерінің ықтималдығы жоғары лауазымдар тізілімін құрып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалардың сақталуын үнемі қадағалайтын және адалдық мәдениетін нығайтуға көмектесетін комплаенс-офицерлер лауазымдарын енгіздік.

  ТЖМ жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек арнайы қызметтердің ісі ғана емес, сондай-ақ әрбір басшының жеке жауапкершілігі екенін атап өткім келеді. Біз жеке жауапкершілік қағидатын енгіздік. Осы қағидатқа сәйкес қызметкерлер арасындағы кез келген сыбайлас жемқорлық көріністері оларды жұмыстан шығаруға дейінгі ең қатаң шаралар қолданылуы мүмкін. Осыны әріптестеріміздің түсінуі маңызды: адалдық пен ашықтық – бұл біздің жұмысымыздың негізі.

  2023 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, ведомство «Integrity check» жобасын — қызметкерлердің парасаттылығын тексеру жүйесін бастады. Бұл жоба профилактика мен әр қызметкерге назар аудару жағымсыз құбылыстардың алдын алуға көмектесетінін дәлелдеп, керемет нәтижелер көрсетті. Тек 2023 жылы пара беру әрекеттері туралы 45 хабарлама келіп түсті және бұл жағдайлардың барлығы одан әрі тергеп-тексеру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.

   2024 жылы біз бұл курсты жалғастырдық. 1200-ден астам іс-шара,  оның ішінде қызметкерлердің түзеу мекемелеріне баруы ұйымдастырылды. Бұл жерде олар сыбайлас жемқорлықтың салдарын өз көздерімен көре алды. Біз қызметкерлерімізді сыбайлас жемқорлық істері бойынша сот ісін жүргізуге белсенді түрде тартамыз, осылайша олар іс жүзінде осы зұлымдықпен күресудің маңыздылығын көреді.

  Біз көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласына ерекше назар аударамыз. ТЖМ көрсететін барлық 12 мемлекеттік қызмет енді «Е-лицензиялау» порталы арқылы электрондық форматта қолжетімді. Бұл шешім қызметкерлер мен өтініш берушілер арасындағы жеке байланыстарды болдырмайды, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

  Сонымен қатар біз бақылау және қадағалау процестерін автоматтандыру  жұмысы жалғастырылуда. Smart Data Ukimet платформасы профилактикалық тексерулер үшін объектілер тізімін жасау кезінде адам факторының әсерін жояды, бұл процесті ашық және объективті етеді.

  Өрт бақылау саласындағы жұмыстың ашықтығын арттыру үшін біз департаменттерді видео тіркеу құрылғыларымен жабдықтадық, бұл қызметкерлердің кез келген бұзушылықтары мен іс-әрекеттерін нақты уақытта тіркеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта біз 1142 видео тіркеу құрылғысын сатып алдық, бұл стандарттардың сақталуын бақылауды едәуір жақсартады.

  Біздің жұмысымыздың алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде оң нәтиже беріп жатыр. 2024 жылғы 10 айда біз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санының 20 жағдайдан 7-ге дейін айтарлықтай төмендеуіне қол жеткіздік. Бұл нәтиже бізді сол бағыттағы  жұмысты жалғастыруға  шабыттандырады, әрі таңдалған жолдың тиімді екенін растайды.

  Мен жүйедегі сыбайлас жемқорлықты жоюға болатынына сенімдімін. Біз адал және ашық жұмыс істейтін боламыз. Шынында да қатаң бақылау мен жалпы шешімнің арқасында біз азаматтардың қауіпсіздігі мен сенімін қамтамасыз ете аламыз, ал біздің жұмысымыз басқа салаларда үлгі болады.

Шыңғыс Әрінов

генерал-майор

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі