
Астанада бұл күндері армиялық қоян-қолтық ұрыстың баламасы болып табылатын нағыз жекпе-жектен Қазақстан Республикасының Кубогы өткізілді. 13-15 желтоқсан аралығында Астанада жекпе-жектің осы түрі бойынша үздік командалар жиналды. Бұл турнир «Кимоносыз АҚҰ» бөлімінде өткізілді. Ақмола облысының құтқарушысы Диас Нұртаев 67 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, кубоктың барлық кезеңдерінен өтіп, бірінші орынды иеленді.
Сонымен қатар 2024 жылғы 12-17 желтоқсан аралығында Астана қаласында ересектер арасында өткен гір спорты бойынша Қазақстан чемпионаты еліміздің түкпір-түкпірінен мықты спортшыларды жинады. Қатысушылар арасында Алматы және Қарағанды облысы ТЖД өкілдері жоғары нәтиже көрсетті. Алматы облысы ТЖД Кеген ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Дәурен Қадыр 73 кг салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді. Қарағанды облысы ТЖД №22 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Александр Комаров пен №28 өрт сөндіру бекеті өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі Роман Герасименко турнирдің күміс жүлдегерлері атанды.
Қиын әрі шиеленіскен бәсекеде олар жоғары дайындық деңгейін және табандылық көрсетті. Бұл жетістік тек спортшылардың жеке жетістігі ғана емес, сондай-ақ бүкіл азаматтық қорғау қызметінің мақтанышы болып табылады.
Мұндай турнирлер құтқарушылар үшін өте маңызды, өйткені олар физикалық төзімділікті, реакцияны және төтенше жағдайларда тиімді жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды дамытады.