
Қазақстан ТЖМ әскери бөлімдері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға тиімді ден қою жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
ТЖМ құрамына төрт азаматтық қорғаныс әскери бөлімі бар: 28237 әскери бөлімі - Ұзынағаш ауылы, 52859 әскери бөлімі - Қарағанды, 68303 әскери бөлімі - Семей қ., 20982 әскери бөлімі - Ақтөбе қ.
Әр әскери бөлімге Бауыржан Момышұлы, Мартбек Мамраев, Қасым Қайсенов, Есет батыр Көкіұлы сынды қазақ батырларының есімдері берілген.
«2024 жылы әскери бөлімдер ТЖ-ның алдын алуға, оларды жоюға және зардап шеккендерді құтқаруға бағытталған көптеген іс-шараларға белсенді қатысты. Жыл басынан бері олар 1,5 мыңнан астам әскери қызметші мен 97 бірлік арнайы және инженерлік техниканың қатысуын қамтамасыз етіп, 171 шығуды жүзеге асырды», - деп ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов атап өтті.
Жыл басында қыс мезгілінде ТЖМ әскери бөлімдері адамдар мен техниканы қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға жұмылдырылды. 1000-нан астам азамат қауіпті аймақтардан эвакуацияланды, ал 413 бірлік техника қар құрсауы мен басқа кедергілерден шығарылды.
Су тасқыны кезінде ТЖМ әскери құтқару құрылымдары жеделдік пен жоғары тиімділік көрсетті. Осы кезеңде 2 227 адам эвакуацияланды, сондай-ақ елді мекендер мен инфрақұрылымды су тасқынынан қорғау бойынша кең ауқымды шаралар қабылданды. Атап айтқанда жағалау сызығын нығайту үшін 488 668 қап құм дайындалды, су басқан аумақтардан 295 616 м3 су сорылды, 2 876 нысан дезинфекцияланды, бұл инфекциялардың таралмауына көмектесті.
Әскери бөлімдер күштері зардап шеккен аудандарға гуманитарлық жүкті тиеп, тасымалдады.
Әскери құтқару құралымдардың әскери қызметшілері «Қазқұтқару-2025», «ЖЕР», «ҚЫС», «КӨКТЕМ» сияқты ірі халықаралық оқу-жаттығуларға қатысты. Осы оқу-жаттығулар кезінде адамдарды құтқару, ТЖ салдарын жою, сондай-ақ дағдарыс жағдайында халықаралық әріптестермен өзара іс-қимыл жасау бойынша нақты міндеттер пысықталды.
Биыл ТЖМ қатарына еліміздің 16 өңірінен 623 мерзімді қызметтегі әскери қызметші шақырылды, бұл жеке құрамды нығайтуға және жауынгерлік әзірлікті арттыруға ықпал етті.
Қазіргі уақытта Ақтөбе және Абай облыстарында 20982, 68303 әскери бөлімдерінің әскери қалашығын салу, басқа да әскери бөлімдердің әскери қалашықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Төтенше жағдайларға ден қоюда ұтқырлық пен жеделдікті арттыру үшін әскери бөлімдердің екінші құтқару батальондары Алматы, Орал, Өскемен және Қостанай қалаларына көшірілді. Бұл шешім ТЖ аймағына күштер мен құралдарды тасымалдау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.
ТЖ жағдайында қауіпсіздікті арттыру және әскери бөлімдерде терроризмге қарсы операцияларға қатысу үшін гуманитарлық жүктерді, басқару объектілерін күзетуге және төтенше жағдайлар аймақтарында ТЖМ бөлімшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған «Айбат» арнайы мақсаттағы бөлімшелері құрылды.
ТЖМ әскери құтқару құралымдары қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ТЖ-ға жедел ден қою және азаматтарды кез келген қауіптен қорғау бойынша өз жұмыстарын жалғастыруда.
Ұтқырлықты, жеделдікті және басқа құрылымдармен өзара іс-қимылды нығайту ТЖМ қызметін одан әрі жақсарту үшін басымдық болып қала береді.