ТЖМ құтқарушысы джиу-джитсудан мыңдаған спортшылардың ішінде ең үздік атанды

ТЖМ құтқарушысы джиу-джитсудан мыңдаған спортшылардың ішінде ең үздік атанды

  «Kazakhstan International jiu-jitsu championship» беделді халықаралық турнирінде мықты балуандар өнер көрсетті, олардың арасында елордалық құтқарушы Хамзе Баққуар ерекше көзге түсті.

  Ол чемпион атағын алу арқылы Ресей Федерациясынан, Өзбекстан Республикасынан, Қырғызстаннан, Кувейттен, Палестинадан және Бразилиядан 1500-ге жуық спортшы қатысқан турнирден өтіп, шеберлік пен тактикалық дайындығын көрсете білді.

  Баққуар 94 келі салмақ дәрежесінде No-GI бөлімінде жеңіске жетіп, чемпион атанды.

  Хамзе Баққуар джиу-джитсудан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сондай-ақ грепплингтен ҚР спорт шебері болып табылады. Джиу-джитсудан ұлттық құраманың мүшесі, ҚР және джиу-джитсудан Қазақстан кубогының бірнеше дүркін чемпионы, грепплингтен Қазақстан Кубогының чемпионы. Джиу-джитсудан бірнеше дүркін Азия чемпионы және жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы. Жауынгерлік самбодан ҚР чемпионы және жүлдегері, кәсіби панкратионнан әлем чемпионатының финалисті.