
Өңірлерде өрт қауіпсіздігі желісі бойынша үгіт-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Мерекелік күндер қарсаңында елордалық ТЖД қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Елорда қонақтары мен тұрғындарына мереке күдерін қауіпсіз өткізу керектігі туралы айтылуда.
«Мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында адамдар көп жиналатын объектілерде елордалық Департамент әзірлеген жадынамалар орналастырылды. Жадынамаларда орналастырылған QR-кодтар Қазақстан ТЖМ «112KZ» ресми Telegram-каналына өтуге мүмкіндік береді және түрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты іс-әрекетке оқытуға қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Астана қаласы ТЖД МӨББ бастығының орынбасары Евгений Гутяр.
Рейдтік іс-шаралар EXPO халықаралық көрме орталығында, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-да, «Барыс-Арена», «Алау» көпфункционалды мұз сарайында, «ASIA PARK» СОО-да, онкологиялық орталықта және теміржол вокзалында өткізілді.
Мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары шұғыл қызмет телефондарын, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салып, өрт туындаған жағдайда іс-қимыл алгоритмін егжей-тегжейлі талдап, мереке қайғылы жағдайға айналмас үшін шыршаны безендіру және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде сақталуы тиіс ережелер туралы айтып берді.