
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен автопарктерді жаңарту, өңірлерді қажетті жабдықтармен және техникамен жарақтандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, бұл барлық деңгейде жеделдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Нәтижесінде Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы ТЖД техникалық базасы республикалық бюджет қаражаты есебінен ТЖМ қолдауымен жаңа техникамен және жабдықтармен толықтырылды.
Шымкент қаласы ТЖД автопаркі 3 өрт техникасымен толықтырылды. Олардың ішінде өртті сөндіруге, сондай-ақ оқиға орнына жауынгерлік есептоптарды, өрт-техникалық жабдықтар мен өртті сөндіру құралдарын жеткізуге арналған «КАМАЗ» базасындағы АЦ-5-40 екі автоцистернасы және құтқару жұмыстарын жүргізуге, адамдарды 30 метрге дейінгі биіктіктен эвакуациялауға мүмкіндік беретін «КАМАЗ» базасындағы бір АЛ-32 автосатысы мен басқа жұмыс түрлері. Сонымен қатар бір бірлік кинологиялық қызметке арналған техника сатып алынды. Бейнетіркегіштер, ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар), байланыс құралдары, жарықтандыруға арналған жабдықтар және зерттеу жүргізуге арналған құралдар сатып алынды.
Қызылорда облысы ТЖД автопаркі 4 өрт техникасымен толықтырылды, бұл төрт бірлік «КАМАЗ» базасындағы АЦ-5-40 автоцистернасы.
Бұл өрт техникасы елдің өрт қауіпсіздігін күшейтетіні және төтенше жағдай мен өрттерді уақтылы жоюға ықпал ететіні сөзсіз.
Автопаркті жаңарту және заманауи жабдықтармен жарақтандыру табиғи апаттарға, техногендік оқиғаларға және басқа да авариялық жағдайларға неғұрлым жедел ден қоюды қамтамасыз ете отырып, құтқару қызметтерінің жұмысын жақсартады.
Бұл шаралар азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ ТЖ қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған. Бұл әртүрлі төтенше жағдайларға дайындықты арттырудың маңызды қадамы және тиімді әрекет етудің жаңа мүмкіндігі.
Жалпы ТЖМ 62 бірлік жаңа өрт техникасын сатып алды, ол ел өңірлеріне таратылды.