ТЖМ құтқарушылары өткен демалыс күндері құтқару операцияларын жүргізді

ТЖМ құтқарушылары өткен демалыс күндері құтқару операцияларын жүргізді

  7 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында «Қарабұтақ-Қостанай» республикалық маңызы бар автожолының 135 км ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен «РФ Челябинск қ.–Шымкент қ.» бағытында бара жатқан техникалық ақауы бар «Yutong» маркалы жолаушылар автобусынан 34 жолаушы С. Т. Жүргенов орталық мешітіне эвакуацияланды.

  7 желтоқсанда кешке Қарағанды облысы Қарқаралы қаласынан 4 км жердегі «Орлога» демалыс аймағы ауданында ТЖД және ПД күштерімен күндіз «Шайтан көл» жаққа шығып, адасып қалған 4 адамды іздеу жүргізілді. Іздеу тобы түнгі камерасы бар ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланды. Жоғалған адамдар демалыс аймағынан 4 км қашықтықта табылды.

  7 желтоқсанға қараған түні Қостанай облысы Жангелдин ауданының Саға ауылында ТЖД, ПД және туыстарының күштерімен 1994 жылы туған ер адамды іздеу жүргізілді, ол 6 желтоқсан күні түстен кейін атқа мініп, белгісіз бағытта мал іздеп қайтып оралмады. Саға ауылынан 20 км қашықтықта іздеу тобы ашық аумақта жоғалған адамды табынмен бірге тапты.

  9 желтоқсан күні таңертең Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданында Юбилейное ауылының маңында ТЖД күштерімен ақауы бар жеңіл автокөліктен Құлан ауылына жүргізуші жеткізілді.

  ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ауа-райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыс шектеулерін бақылауға шақырады!