
Жұмыс тобының отырыстары шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша бірқатар нормаларды қарады және қабылдады.
Қабылданған нормалар ТЖМ-ге бейбіт және соғыс уақытында эвакуациялық іс-шараларды әзірлеу; азаматтық қорғаныс іс-шараларын жаңа міндеттермен толықтыруға; қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызуға; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау бойынша құзырет беруге; азаматтық қорғау саласында оқуға жататын тыңдаушылардың санаттарын анықтауға; қосымша даярлау орталықтарын ашу арқылы ТЖ кезінде мінез-құлық дағдыларына оқыту шеңберінде халықты қамтуды ұлғайтуға; азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізуге ұйымдар үшін міндеттерді қосуға; азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын ұстау және есепке алу мәселелерін реттеуге; азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүргізу мәселелерін өзектендіруге және т.б. жаңа құзырет беруге бағытталған.