ТЖМ құтқарушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен өзара іс-қимыл жасасуда

ТЖМ құтқарушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен өзара іс-қимыл жасасуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ерекше мақсаттағы күштері «Батыр» Президенттік полкінің 0111 әскери бөлімінің базасында Алматы қаласы ТЖД құтқарушыларымен өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шара барысында құтқарушылар арнайы бөлімше қызметкерлерімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оның ішінде жер сілкінісінің зардаптарынан қорғау саласындағы білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Жалпы өткізілетін іс-шаралар қиын жағдайларда Алматы қаласының азаматтары мен аумағын қорғауға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.