«Қыс-2024» РКШОЖ бірінші күні

«Қыс-2024» РКШОЖ бірінші күні

2024 жылғы 21 қарашада барлық өңірлерінде «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Қыс-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

Оқу-жаттығудың жедел штабы Ақмола облысы Көкшетау қаласында орналасқан. Оқу-жаттығудың басшысы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Е.С. Нұрпейісов.

«Қыс-2024» РКШОЖ-ның бірінші кезеңі сағат 08:00-де басталды. «Дабыл-1001» сигналы бойынша азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштері, ТЖМ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімдері мен бөлімшелері дайындыққа келтірілді.

Көкшетау қ. «Болашақ сарайында» мемлекеттік органдардан, республикалық оқу-жаттығу штабы мүшелерінен құрылған жедел топтар жиналып, оларға қойылған міндеттер жеткізілді. Республикалық азаматтық қорғау қызметтеріне, жергілікті атқарушы органдарға қиын қысқы жағдайларда жұмыс істеу үшін өздерінің авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының дайындығын тексеру міндеті қойылды.

Республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияларымен бұдан әрі басқару тапсырмалары мен сигналдарын, іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратқа сұраныстар мен хабарламаларды беру үшін тұрақты байланыс орнатылды. Төтенше жағдайларды жою және бағынысты күштерге қолайсыз жағдай туындаған кездегі  функционалдық міндеттерді орындауға тапсырма беру жөніндегі іс-қимыл жоспарлары нақтыланды.

Оқу-жаттығудың екінші кезеңінде басқару органдарына «Қарғын–2002» басқару сигналы, дауылды ескерту және оқу-жаттығу тақырыбына байланысты тиісті кіріспе жеткізілді. Қалыптасқан жағдайды бағалау және төтенше жағдайдың салдарын жоюға шешім қабылдау кезінде басқару органдарының іс-қимыл алгоритмі пысықталды.

Сонымен қатар оқу-жаттығу шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі.