Ақмола облысы ТЖД-да ТЖ вице-министрінің қатысуымен кеңес өткізілді

Ақмола облысы ТЖД-да ТЖ вице-министрінің қатысуымен кеңес өткізілді

Көкшетауға жұмыс сапары аясында ТЖ вице-министрі Ерлан Нұрпейісов Ақмола облысы ТЖД-да өткен жұмыс кеңесіне қатысты. Іс-шара барысында су тасқынына дайындық және су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу мәселелері көтерілді.

Вице-министр ВКС режимінде су тасқынына бейім аудандарда жүргізілген жұмыс туралы ТЖД аумақтық бөлімшелерін тыңдады. Бұдан өзге су тасқынына қарсы іс-шараларды орындау бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмысты жандандыру,  қысқы кезеңдегі ТЖ алдын алу  қажеттігін атап өтіп, материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелерін қозғады.

Сонымен қатар кеңес барысында вице-министр департамент басқармалары мен қызметтерінің басшыларын тыңдады. Кеңес қорытындысы бойынша ол  бірқатар тапсырмалар берді.