
ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы У.С. Тналиев ТЖ және су ресурстар министрліктерінің өкілдерімен бірлесіп 2025 жылдың алдағы су тасқыны кезеңінде өңірдің халқы мен аумағын қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуын қарады. Тексеру Бородулиха, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында жүргізілді.
Абай облысында су тасқынына қарсы жұмыстар елді мекендерді инженерлік қорғаудың әзірленген жоспары шеңберінде жүргізілуде. Жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу, өзен арналарын тазарту және түбін тереңдету, бөгеттер салу, көпірлерді жөндеу, су өткізу арналарын, қосымша су өткізу құрылыстарын орнату облыстың 6 ауданының 40 елді мекенінде тасқын судан қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа жүргізіліп жатқан іс-шараның маңызды бөлігі облыс аудандарындағы су тасқынынан халықты және инфрақұрылымды қорғауда шешуші рөл атқаратын гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне назар аударылды.