ТЖМ құтқарушылары өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізуде

ТЖМ құтқарушылары өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізуде

Шымкент қаласының  әуежайында  әуе кемесіндегі өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық мақсатына сәйкес «Алматы-Шымкент» бағыты бойынша  ұшқан «АН-24» ұшағының апаттық қонуы салдарынан өрт орын алды.  Әуе кемесінің бортында 48 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болды. Шасси тағанының істен шығуы, қозғалтқыштың және оң жақ жанармай багының бұзылуы салдарынан жанармай төгіліп, өрт шықты. Әуежайдың ұшуларды іздестіру мен апатты-құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері қаланың өрт сөндірушілерімен және құтқарушыларымен бірлесіп әуе кемесіндегі өртті сөндіру, экипаж бен жолаушыларды құтқару жұмыстарын жүргізді.

Оқу-жаттығудың мақсаты қызметкерлердің төтенше жағдай кезінде дағдыларын жаттықтыру, сондай-ақ әуежайдың бөлімшелері мен қалалық қызметтерінің өзара бірлесіп қызмет атқару  іс-қимылдарын машықтау болды. Оқу-жаттығудың соңында талдау жүргізіліп, қорытынды жасалды.