Елордалық құтқарушылар жатақханадағы өртті сөндірді

Елордалық құтқарушылар жатақханадағы өртті сөндірді

Байқоңыр ауданындағы жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанды.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Өртті сөндіру жұмыстарын оқиға орнындағы өтпе жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі