
12 қазан күні сағат 00.50-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында тұрғын үй өртенді.
Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы дереу жіберілді.
Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте сағат 01.08-де тұрғын үйдің шатырының жанғаны анықталды. Үй толығымен отқа оранды.
Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт сағат 01.38-де оқшауланып, сағат 01.43-де 56 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жүргізуде.