ТЖМ құтқарушылары Қостанай облысындағы табиғи өртті сөндірді

ТЖМ құтқарушылары Қостанай облысындағы табиғи өртті сөндірді

Кеше Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылынан 15 шақырым жерде алдын ала 5000 га алаңда құрғақ шөп өртенді.

Желдің екпіні 25 м/с дейін жетіп, өрттің таралуына әкелуі мүмкін болды. Өрттің мемлекеттік қордың орман алқабына өту қаупі туындады.
Өрт ошақтарына дереу құтқарушылар топтары, оның ішінде өрт сөндіру авиациясы тартылды.

Өртті сөндіруге ТЖД, ЖАО жеке құрамынан 200-ге жуық адам, 34 бірлік техника, тікұшақтар мен өрт пойызы жұмылдырылды. 7 рет жалпы көлемі 18 тонна су төгілді.

ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов, ТЖ жою департаментінің бастығы Мақсат Дәулетьяров және Қостанай облысы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов жіберілді. 
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдары мен өртті ауадан және жерүсті тәсілімен сөндіру бойынша қабылданған шаралардың арқасында өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің нақты ауданы анықталуда.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады!

 


Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі