Елордалық құтқарушы Баққуар Хамзе Азия чемпионы атанды!

Елордалық құтқарушы Баққуар Хамзе Азия чемпионы атанды!

Джиу-джитсудан «JJAU Regional Championship Central Asia 2024» Орталық Азия чемпионатына елордалық ТЖД № 17-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатысып, бірінші орынды иеленді.

Шымкент қаласында алғаш рет өткен бұл Азия чемпионатына еліміздің спортшыларынан өзге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінен 700-ге жуық спортшылар қатысқан.

Баққуар Хамзе 85 кг салмақта бақ сынап, қарсыластарын оза шауып, алтын медальға ие болды.

Біздің мақтанышымыз Баққуар Хамзені кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

 Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі