Алматы облысында жас жігіт жанып жатқан үйден үш баланы құтқарды

 Алматы облысында жас жігіт жанып жатқан үйден үш баланы құтқарды
Таңертең 2019 жылдың 26 маусымда, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы тұрғын үйдің жанынан өтіп бара жатып, 1994 жылы туған Рыйзабеков Алмас, тұрғын үйдің жанып жатқанын көрді, осы туралы ол бірден Алматы облысы ТЖД-не 101телефон нөміріне хабарлады.
Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін балалардың айқайларын естігенде, жас жігіт жанып жатқан үйге кіріп, терезелерін сындырып, өрттен үлкендердің қарауынсыз қалған үш баланы: 2005, 2017 жылы туылған қыздарды және 2012 жылы туған ұл баланы алып шықты.
Оқиға орнына жеткен кезде өрт сөндірушілер асүй мен тұрғын үйдің кіреберісі отқа оранып жанып жатқанын анықтады. Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді, өрттің жалпы ауданы 27 ш. м. құрады. Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Ерлікпен жасалған әрекет кезінде жас жігіт тілінген аяқ жарақатын алып, Ескелді ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта батырдың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Ескелді ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балаларды туысқандарына тапсырды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі