Өрт сөндіру қызметінің 17-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Баққуар Хамзе бірінші орынға ие болып, UWW Грэпплинг турнирінде (No Gi) чемпиондық белбеу алды!
Астана қаласында 3-4 тамыз аралығында өткен Astana grappling cup ашық турнирінде 100-ге жуық қатысушы қатысып, онда тек қазақстандық жауынгерлер ғана емес, Бразилия сияқты басқа елдерден де мықтылар атағы үшін күресті.
Хамзе Баққуар джиу-джитсудан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сондай-ақ грепплингтен ҚР спорт шебері болып табылады. Джиу-джитсудан ұлттық құраманың мүшесі, ҚР және джиу-джитсудан Қазақстан кубогының бірнеше дүркін чемпионы, грепплингтен Қазақстан кубогының чемпионы. Джиу-джитсудан бірнеше дүркін Азия чемпионы және жүлдегері. Джиу-джитсудан 2 дүркін әлем чемпионы. Жауынгерлік самбодан ҚР чемпионы және жүлдегері, кәсіби панкратионнан әлем чемпионатының финалисті.
Біздің чемпионымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі