Маусымның 24-26 аралығында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жеке құрамның алдына қойылған тапсырмаларды орындады. Бұл пәтерлер мен үйлерді тексеру.
Тексеру кезінде құтқару жасағының жеке құрамының 20 адамы және жоғары өтімді үш техникасы төтенше жағдай аймағынан жедел көшіруді қажет ететін жеке автокөліксіз мүгедектер мен егде жастағы адамдарды қауіпсіз жерге жедел алып шықты.
Қарауылдау кезінде құтқарушыларға жедел көмек көрсетуді өтінген ер адам перзентханадан комада болған әйелді алып кетуді сұрады. Әйел адамды алып, құтқарушылар жедел түрде әйелді бақылау бекетіне дейін жеткізіп, жедел медициналық көмек бригадасына тапсырды. Жедел-құтқару жасағының жеке құрамымен барлығы 92 адам эвакуацияланды.