Жамбыл облысында табиғи өрт сөндірілді

Жамбыл облысында табиғи өрт сөндірілді

5 маусымда сағат 15:08-де 1800 га алаңда «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ Сарықоба орманшылығының аумағында құрғақ шөптер мен бұталардың өрті сөндірілді.

Өртті сөндіруге 314 адам, 72 бірлік техника және 1 тікұшақ, оның ішінде орман шаруашылығынан 161 адам және 38 бірлік техника, Қазавиақорғаудан 6 адам және 1 тікұшақ, Жамбыл облысы ТЖД 86 адам және 9 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 61 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметі