Әскерге шақырылушыларды ТЖМ қатарына әскери қызметке дайындайды

Әскерге шақырылушыларды ТЖМ қатарына әскери қызметке дайындайды

Қазақстан Республикасын қорғау-әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті!

Елордалық ТЖД, 68303 әскери бөлімі, Қорғаныс істері департаментінің қызметкерлері, әскерге шақырылушыларды зерделеуге және оларды ҚР ТЖМ әскери бөліміне жіберуге кірісті. Әскери команданы қалыптастыру кезеңінде медициналық тексеру, сауалнама жүргізу және зерттеу парақтарын толтыру және психологиялық тестілеу жүргізіледі.

Әскерге шақырылушылармен командаларды зерделеу, іріктеу, жинақтау және жіберу "әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі