Атыраулық өрт сөндіруші Азия Чемпионатында пауэрлифтингтен 3 орынға ие болды

Атыраулық өрт сөндіруші Азия Чемпионатында пауэрлифтингтен 3 орынға ие болды

Ағымдағы жылдың 25-26 мамырда Алматы қаласында Азия Чемпионатының жарыстары өтті. Ерлер мен әйелдер, жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Чемпионатқа 5 мемлекеттен 600-ге жуық спорт шеберлері қатысты.

 

Тартысқа толы бәсекеде Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» РММ Құрманғазы аудандық №7 ӨСБ аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Бралин Ерсейт Нурмухамбетұлы пауэрлифтинг бойынша қатысып, өзінен үлкен салмақта, яғни 105 келі салмақ дәрежесінде 3 орынға ие болды.