28237 әскери бөлімінде «Халық Қаһарманы» Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды

28237 әскери бөлімінде «Халық Қаһарманы» Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды

2024 жылғы 25 мамырда Қазақстан Қарулы Күштерінің негізін қалаған Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Қазақстан тарихында тұңғыш рет ең үлкен марапат «Халық қаһарманы» атағына ие болған армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толды.

Атаулы күннің құрметіне орай 28237 әскери бөлімінің бөліністерінде тақырыптық кештер өтті. Соның ішінде 1-құтқару батальонында тақырыптық кештен бөлек, жеке құрамға ерлік сабағы өткізілді. Ерлік сабағы барысында батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары капитан Е. Тәңірбергенов қаһарманның өмірі және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасу тарихы туралы шолу-сюжетін ұйымдастырды.

 

ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі