Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары  тәулік бойы жалғастырылуда. Өзендердегі су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде.

Өткен тәулікте Құлсары қаласында 192 766 текше метр су сорылды. Бүгін 6 сағатта 75 үйден су бұрылып, су сорылды.

Өткен тәулікте Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 91 180 текше метр су сорылды. Жалпы соңғы 5 күнде су басқан 907 үй мен 134 аула аумағынан су сорылды.

 Республика бойынша 8 453 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 48 998 адам өз үйлеріне оралды.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 374  адам, 1 436 техника, 310 су сору құралы және 69 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды.