Атырау қаласында жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Атырау қаласында жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бүгін, 30 сәуірде 4 сантиметрге көтеріліп, су деңгейінің жалпы көлемі 446 см-ге жетті.

Су басу қаупінің алдын алу мақсатында, Атырау қаласында жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі күні 113 учаскеде 243,6 шақырым бөгет тұрғызылып, топырақ толтырылған қап төсеу жұмыстары жалғасуда.

Аталған жұмыстарға 5000-нан  адам, 550 бірлікке жуық техника жұмылдырылды, қосымша 7 бірлік жүзу құралы, 19 бірлік су сору құрылғысы дайындыққа келтірілді.

Қазіргі уақытта өңірдегі ахуал тұрақты, жіті бақылауда.

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы