Мамандығы құтқарушы

Мамандығы құтқарушы

Балтабай Әділхан 28 жаста, Республикалық жедел-құтқару жасағында 2017 жылдан бастап бас құтқарушы лауазымында жұмыс істейді. Бұл оның алғашқы су тасқынының салдарын жою iс сапары.

Әділхан жасақтың құтқарушылар тобының құрамында 30 наурыз Ақтөбе облысына ұшқан еді. Олар әскери ұшақпен ұшып, өздерімен бірге альпинистік жабдықтар, апаттық-құтқару жабдықтары, сонымен қатар 14 тәулікке автономды тіршілікті қамтамасыз етуге арналған азық-түліктер тиеді.

31 Наурызда Балтабай Әділхан совхоздың су басқан аймағынан, Көптоғай ауылдық округінен адамдарды эвакуациялау бойынша құтқару операциясына қатысты. Жасақтың құтқарушылары жергілікті тұрғындарды МИ-8 Қорғаныс министрлігінің тікұшағынан альпинистік жабдықтардың көмегімен қол жетпейтін аймақтан қауіпсіз жерге эвакуациялады. Нәтижесінде 7 адам құтқарылды.

Бүгінгі таңда Әділхан мен қалған құтқарушылар Орал қаласында орналасқан, адамдарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарды жалғастыруда.

Алматы қаласында құтқарушыны жақындары, жұбайы және оның кішкентай қызы күтуде.

 

ТЖМ

Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі