Satpayev University студенттері Алматы қ. ТЖД үшін жер сілкінісінің мобильді симуляторын әзірледі

Satpayev University  студенттері Алматы қ. ТЖД үшін жер сілкінісінің мобильді симуляторын әзірледі

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті арасында қол қайылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде, Сәтбаев университеті Төтенше жағдайлар департаментіне 7 баллға дейінгі көлденең және тік жер сілкіністерін имитациялайтын мобильді жер сілкінісі симуляторын әзірледі.

Жер сілкінісі тренажері Төтенше жағдайлар департаментіне ақысыз негізде берілді .

«Баршаға мәлім, Алматы қаласы сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан, сондықтан қала халқы төтенше жағдайларға дайын болуы, өзін-өзі құтқару жөніндегі іс-қимылдарды алдын ала білуі тиіс.

Әзірленген мобильді тренажер жер тербелісін шынайы түрде орнатып халықты жер сілкінісі кезіндегі үрейсіз, нақты дұрыс іс-әрекеттерге жасауды үйретеді. Көлденең және тік жер тербелісінде кезінде қандай іс-қимелмен ден қоюға түсінуге болады. Ғимарат қисайған кезде адам кеңістіктегі бағдарын абдырап қалып, не істерін білмей қалады. Қиын жағдайда өзіңізге және жақындарыңызға көмектесу үшін бұл құбылысты  өзіңіз сезінуіңіз қажет», - деп ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев өз пікірімен бөлісті.

Симулятор Төтенше жағдайлар департаментінің қалалық оқыту курстарында және Алматы қаласы бойынша көшпелі сабақтарда қолданылатын болады, осылайша халыққа төтенше жағдайдағы мінез-құлық дағдыларын машықтайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Сәтбаев университетіне төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға сүбелі үлес қосқан үшін алғыс білдіреді.

 

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі