ТЖМ құтқарушылары жоғалған саңырауқұлақ терушілерді тапты

ТЖМ құтқарушылары жоғалған саңырауқұлақ терушілерді тапты

20 сәуір сағат 20:35-те Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы және кинологиялық есебі Алматы облысына туристерді іздеуге шықты. Екі ересек адам және бір бала күндіз Малайсары асуына саңырауқұлақ теруге шығып, үйлеріне оралмаған. Көмек сұрап жоғалғандардың танысы хабарласты.

Түнгі 1:12-де құтқарушылар саңырауқұлақ терушілерді тапты, оларға медициналық көмек қажет емес.

Таңғы сағат 6 шамасында құтқарушылар оларды тас жолға дейін жеткізiп, көлікпен келген өтініш иесіне тапсырды.

Егер сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі