Әскери қызметшілер тұрақты орналасқан жеріне оралуда

Әскери қызметшілер тұрақты орналасқан жеріне оралуда

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларына қатысқан ТЖМ 68303 әскери бөлімінің жеке құрамы Семей қаласындағы тұрақты орналасу орнына оралды.

Шығыс Қазақстан облыстық ТЖ департаменті басшылығының атынан әскери қызметшілерге атқарылған жұмыстары үшін алғыс айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 7 наурыздан бастап жиынтық құтқару жасағының құрамындағы әскери бөлімнің жеке құрамы Алтай, Зубовск, Тұрғысұн, Малеевка, Орловка, Чапаев, Снегирево, Багатырево, Быково, Күршім, Бурабай, Сарыөлең, Қаратоғай, Үлкен Нарын, Новополиковка елді мекендеріндегі су тасқынының алдын алу бойынша міндеттерді орындады.

Барлығы қар мен мұздан тазартылды - 9 км арық, онда қар кейде 3 м биіктікке жетті, көпір, 81 су өткізгіш құрылым, 3 мыңнан астам инертті материал салынған қаптар төселді. Сондай-ақ, халықпен профилактикалық жұмыс жүргізілді.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі