
Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 22 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.
Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар.
Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды. Саяжайлардағы 2 994 үйді су басты.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Жайық өзені бойынша судың келуі 3000 м3/сек.
Жайық өзенінің тасқын ағынының нәтижесінде өзендердің жайылма бөлігінде орналасқан Орал қаласының саяжай массивтері су астында қалды.
Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде.
13 754 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 710 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 2 323 адам орналасқан, оның ішінде 1 066 бала, 11 431 адам туыстарында. 4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.
5 сәуірден гуманитарлық көмекті қабылдау бойынша облыстық штабқа 569 527 кг. гуманитарлық көмек келді
Облыс бойынша барлығы 1 020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 911 мың дана қапшық және 9 622 мың тонна инертті материал төселді. Салынған бөгеттердің ұзындығы - 102 км.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 8 241 адам, 1 609 бірлік техника, 202 бірлік су сору құралы, 158 дана жүзу құралы және 2 вертолет жұмылдырылған. Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 7 өңірден қосымша күштер мен құралдар тартылды.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі