Абай облысының Ақсуат ауданында 2 ер адам құтқарылды

Абай облысының Ақсуат ауданында 2 ер адам құтқарылды

Кеше кешкі сағат 9-да «112» пультіне Тебіске өзенінде жүк көлігі кептеліп қалғаны, 4 ересек адам мен 1 баланы эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына түнде келген құтқарушылар кептеліп қалған көлікті өзеннен сүйреп шығарды. Айта кету керек, көлікте 1964 және 1974 жылы туған 2 ер адам болған.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында азаматтар құтқарылып, Ақсуат ауылына аман-есен жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі