Атырау облысындағы күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Құлсары қаласынан Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарына 26 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Уақытша орналастыру пункттерінде 2 мыңнан астам адам орналастырылды, қалған халық туыстары мен еріктілер үйлеріне эвакуацияланды.
Бүгінгі күнге дейін, Үкіметтін тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті материалдық құндылықтар қорынан азық-түлік, төсек-орын жабдықтары және т. б. сияқты эвакуацияланған халық үшін материалдық құндылықтарды брондаудан шығарылып беріліп жатыр.
ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті