Ақмола облысы Бұланды ауданындағы су тасқыны жағдайы

Ақмола облысы Бұланды ауданындағы су тасқыны жағдайы

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде егістіктерден еріген сулардың көп келуіне, сондай-ақ Жолболды өзені тасып төгілгендіктен Ивановка ауылында 45 тұрғын үй су астында қалды. Автомобиль қатынасының болмауына байланысты эвакуациялау мүмкін болмады.

Қорғаныс Істер Министрлігінің МИ-8 тікұшағымен және жоғары өту машинасы (Трэкол) арқылы жақын елді мекендерге 52 адам, оның ішінде 21 бала Макинск қаласындағы эвакуациялау пункті №4 мектеп гимназиясына эвакуацияланды. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Сондай-ақ 100 бас ірі қара мал, 11 жылқы, 50 шошқа және 520 үй құстары қауіпсіз жерге айдалды. Сағ. 12-20-да эвакуация аяқталды.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі