Құлсары қаласындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Құлсары қаласындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Ақтөбе облысының Ойыл ауданы жағынан Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Құлсары қаласын су басу қаупі туындады. Құлсары қаласында 630 тұрғын үй су астында қалды.

Халықты Құлсары қаласынан Атырау қаласына жолаушылар пойыздарымен эвакуациялау жүргізілуде. Жұмыс жалғасуда.

Құлсары қаласында халықты қабылдайтын 7 пункт дайындалды. Қазіргі уақытта 2 мыңнан астам адам, оның ішінде 400-ден астам бала орналастырылды.

Жем өзенінің атырауында су ағынын өткізу қабілетін арттыру үшін мұз жару  жұмыстары, сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Құлсары қаласында 45452 қапшық, 174 000 тонна инертті материал төселді.

Халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде, 4 мыңға жуық волонтер, оның ішінде Маңғыстау облысының Бейнеу ауылынан 100 адам тартылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД, ЖАО, ПД 347 адам, 148 бірлік техника, 3 жүзу құралы, әскери қызметшілер, 4640 адам волонтер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. 

Сонымен қатар Атырау қаласынан қосымша күштер мен құралдар тартылды.

Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданының «Доссор-Құлсары-Ақтау» республикалық маңызы бар автожолының 103-104 км су жүрді. Доссор кенті – Құлсары қаласының учаскелері автокөліктің барлық түрлері үшін жабық. Кезекшілік ұйымдастырылып, ескерту белгілері орнатылды.

Жылыой ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.